Шахмат
Дебют, тактика, стратегия және эндшпиль — жүйелі бағдарлама, партияларды талдау және тұрақты практика.
- Бастауыш деңгейден жоғары деңгейге дейін
- Тактика, комбинация, эндшпиль
- Турнирлер мен разрядқа дайындық
Шахмат пен тоғызқұмалақ – ойлау қабілетін дамытатын спорт
Мектеп оқушылары мен ересектерге шахмат пен тоғызқұмалақты жүйелі түрде үйретеміз. Ай сайынғы турнирлер, спорттық разрядтар және нақты нәтиже.
Біз туралы
«BAHADUR» спорт клубы 2017 жылы Астана қаласында құрылды. Біз балалар мен ересектерге шахмат пен тоғызқұмалақ ойындарын үйретіп, оқушылардың зияткерлік қабілетін дамытамыз.
Әр оқушыға жеке көңіл бөліп, оны алғашқы жүрістен бастап турнирдегі жеңістерге дейін жетелейміз. Ай сайын турнирлер өткізіп, оқушыларды спорттық разрядтар алуға дайындаймыз.
Есте сақтау, зейін, логика — сабақта да, мектепте де көмектесетін дағдылар.
Тоғызқұмалақ арқылы қазақ халқының дәстүрлі зияткерлік ойынын меңгересің.
Ай сайынғы турнирлер өзіне деген сенімділік пен жеңіске ұмтылыс береді.
Оқушыларды спорттық разрядтар алуға жүйелі түрде дайындаймыз.
Бағыттар
Шахмат пен тоғызқұмалақ стратегиялық ойлауды, төзімділікті және қысым астында шешім қабылдауды үйретеді.
Дебют, тактика, стратегия және эндшпиль — жүйелі бағдарлама, партияларды талдау және тұрақты практика.
Қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны. Санауды, алдын ала болжауды және стратегиялық ойлауды дамытады.
Сабақтар
Жасыңыз бен деңгейіңізге қарай қолайлы форматты таңдаңыз.
Турнирлер
Клубта ай сайын шахмат және тоғызқұмалақтан турнирлер өтеді. Әр турнир — жаңа тәжірибе, жаңа достар және жаңа марапаттар.
Дүкен
Шахмат пен тоғызқұмалаққа арналған құралдарды тікелей клубтан сатып алуға болады.
Сабаққа жазыл — жасыңа және деңгейіңе сай топ таңдаймыз.
Сұрақтар
Балаларды, жасөспірімдерді және ересектерді қабылдаймыз. Топтар оқушылардың жасы мен деңгейіне қарай құрылады, сондай-ақ жеке сабақтар бар.
Әрине. Жаңадан бастаушыларға арналған топтар бар: ережелерден бастап, бірте-бірте турнир деңгейіне жетесің.
Иә, онлайн сабақтар өткіземіз. Оларға басқа қалалардан да қатысуға болады.
Иә. Оқушыларды турнирлерге жүйелі түрде дайындап, спорттық разрядтар алуға көмектесеміз.
Сайттағы «Жазылу» батырмасын басып, форманы толтырыңыз немесе +7 705 102 1976 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Байланыс
Сабаққа жазылу немесе сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыз.